Қарақойшықызы Бибіжан 1938 жылы 10 мамырда Мары облысында дүниеге келген. 1956 жылы Таңғышов Қуатбай Метерұлымен тұрмыс құрған. 1967 жылдан бастап 1991 жылға дейін Батыс Қазақстан теміржолына қарасты байланыс бөлімшесінде қызмет еткен. Бір мекемеде жиырма төрт жыл қызмет етіп, зейнеткерлікке шықты. 1970 жылы «Коммунистік Еңбек ері» марапатына ие болған. 1987 жылы, 1990 жылы «Еңбек Ардагері» медальдарымен марапатталған. Он бала тәрбиелеп өсірген «Батыр Ана».
1980 жылы «Батыр Ана» орденінің иегері болды. 2008 жылы «Алтын Алқа» алқасымен марапатталған.